ФОРУМ ТУРАЛЫ​

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда «Шетелдегі қандастарымызбен тығыз қарым-қатынас орнатып, рухани байланысты нығайта береміз. Бұл мәселе – менің жеке назарымда», – деген сөзі еліміздің шетелдегі отандастармен байланыстарының тиімділігін одан әрі арттыру қажеттігін білдіреді.

Форумға тек этникалық қазақтар ғана емес, сондай-ақ Қазақстанда кіндік қаны тамған жандар мен олардың ұрпақтары да шақырылған. Жалпы 300-ден аса қонақ келеді деп жоспарлануда, оның 200-ге жуығы шетелдік делегаттар. Олардың қатарында қазақ мәдени ұйымдарының басшылары мен белсенділері, саясат, мәдениет, ғылым, білім, медиа, бизнес саласының тұлғалары бар.

Іс-шара семинар-форум форматында өткізіліп, шет елдердегі қандастарға креативтік индустрия, медиа, мәдениет, кәсіпкерлік салаларындағы тың трендтер, еліміздің инвестициялық ахуалы мен соны бастамалары таныстырылады. Шет елдердегі қазақ ұйымдарының басшылары мен отандық түрлі сала өкілдері бір алаңда кездесіп, бір-бірімен байланыс орнатуына, тәжірибе алмасуына жағдай жасалады.

Форумның мақсаты – шетелдегі қазақ ұйымдарымен өзара түрлі ынтымақтастық мәселелерін талқылау; еліміздің жаңа кезеңдегі мемлекеттік саясат пен саяси – экономикалық реформаларымен, сондай-ақ ұлттық руханиятқа қатысты заманауи трендтермен таныстыру; шетелдегі қазақтарды қолдауда Қазақстанның жүргізіп отырған саясаты; шетелдегі қазақ жастарына Қазақстанда сапалы білім алуда және өз қабілеттерін іске асыруда, сондай – ақ елге көшіп келетін қандастарға мемлекет тарапынан қабылданып жатқан қолдау шаралары туралы ақпараттандыру.

ФОРУМ БАҒДАРЛАМАСЫ

09.00 - 09.45
Қатысушыларды тіркеу
10.00 - 11.20
(АЛДЫН АЛА ТІРКЕЛУМЕН ЖӘНЕ АРНАЙЫ ШАҚЫРТУМЕН)
Отандастар форумының ресми ашылуы

Модератор: 

Ринат Кертаев  - «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қорының басшысы, белгілі журналист, медиа менеджер

Спикерлер:

Мәлік Отарбаев - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі

Абзал Сапарбекұлы - "Отандастар қоры" КЕАҚ Президенті

Әкбар Мәжит - Қытай  Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қытай халық жазушысы, Қазақстанның құрметті жазушысы

Бәкей Ағыпар - Ұлттық ғылым академиясының академигі (Моңғолия)

Байғали Серкебаев - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «A-studio» продюсері (Ресей)

Расул Көшербаев - Өзбекстан Республикасының Табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі, Ұлы Мәжіліс экс-депутаты

Ешим Саваш - Франция, Крейл қаласы әкімінің мәдениет бойынша орынбасары

Арай Сабыржан - Google компаниясының қызметкері (АҚШ)

11.20 - 11.40
Кофе - брейк
Ел дамуында қандастардың рөлі
Модератор:

Абзал Сапарбекұлы - «Отандастар қоры» КеАҚ Президенті

 Спикерлер:

Исламбек Салжанов - Кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті

Нұршат Нұраже -  «Nazarbaev University» профессоры, Жаңа материалдар және күн энергетикасының жүйелер зертханасының жетекшісі

Жалынбек Жайнарбай -  «SignTech» компаниясының директоры, «Damu Business Group» қауымдастығының серіктесі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты

Өркеш Сламбол - «UWEE GROUP» компаниясының Орталық Азия бойынша басқарма төрағасы; «Қазақстан, Орталық Азия және Қытай Халық Республикасы кәсіпкерлер Альянсының» Тұрақты хатшысы; Қытай, Шандунь провинциясының Орталық Азиядағы Бас өкілі

Арман Давлетяров - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қоғам қайраткері, психология ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер, танымал тележүргізуші, медиа-менеджер

Серік Тұрсын - Еуропа қазақ дәрігерлері қауымдастығының жетекшісі, швейцариялық дәрігер

13.00 - 14.00
Шетелдік қонақтар үшін түскі фуршет
14.10 - 14.30
«Отандастар Қоры» КеАҚ жаңа жобалар тұсаукесері

"Отандастар" журналының презентациясы

Qazalem порталының презентациясы

Саясат Идеятұлы - «Отандастар қоры» КЕАҚ бас менеджері

Абылай Жүсіпбек - «ZIZ INC» ЖШС атқарушы директоры

Бекжан Рахымжанов - «ZIZ INC» ЖШС Бағдарламалық жасақтама архитектурасының директоры

Елнар Салпеков - Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы

14.40 – 16.00
«Отандастардың интеллектуалдық әлеуеті – ұлттық құндылықтарды ілгерілету драйвері»

Модератор:

Алихан Байменов - Мемлекет және қоғам қайраткері, «Тоғызқұмалақ» федерациясының президенті

Спикерлер:

Жанар Сағат - Қытайдағы танымал актриса, режиссер, тележүргізуші

Садия Сүрер Германиядағы Кельн қ. қазақ қауымдастығының төрайымы, Еуропа қазақтары құрылтайының төрайымы

Татьяна Полтавская - Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері

Раушан Канапьянова - Саясаттану ғылымдарының докторы, РФ Президенті жанындағы Халық шаруашылық академиясының  (РАНХ и ГС) профессоры

Әсет Әбдуәлиев - АҚШ-ғы «Silkroad Innovation Hub» басшысы, «Digital Nomads» ұйымының негізін қалаушы

Мерей Аманбаева - Өзбекстан Республикасы, Науаи қаласы әкімінің орынбасары, кәсіпкер

Ерболат Беделхан - «JUZ Entertainment» продюсерлік орталығының негізін қалаушы

16.10 – 17.30
Медиа және заманауи трендтер

Модератор:

Диқан Қамзабекұлы - «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры

Спикерлер:

Еркежан Күнтуған - «Jibek Joly» телеарнасының директоры

Арман Давлетяров - медиаменеджер, тележүргізуші 

Ертолқын Гайреттуллах - «Үркер» ұлттық байқауының жеңімпазы, «Қазақ Елі» журналының Бас редакторы, «Қазақ-түрік білім және зерттеу қоғамы» басшысы

Қыран Талапбек - Мобилограф

Ербол Сейілхан - «Сұрауы бар» ютуб каналының авторы, «Halyq Uni» медиахолдингінің Бас продюсері

17.40 – 18.00
Кофе - брейк
18.00 – 19.20
XXI ғасырдағы қазақ тілі және бүгінгі мүмкіндіктері

Модератор:

Мақпал Жұмабай - Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры

Спикерлер:

Сәуле Таикешева - РФ, Орынбор қ. «Қазақ тілі» халықаралық қауымдастығының өкілі

Айгүл Орманова - «Тіл Қазына» ҰҒПО Абай институтының жетекшісі

Оңайша Мандоки - Қазақ-Мажар «Барс» қорының мәдени байланыс бөлімінің меңгерушісі және ҚР Мажарстандағы Елшілігінің жанындағы Абай Орталығының меңгерушісі

Болат Керімбек ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Азат Шәуеев - Мемлекеттік тілді дамыту қорының басшысы, Soyle.kz жобасының жетекшісі

Ырысбек Мәуіт - «ZERDELI»ақыл-ой дамыту орталықтары мен мектептер желісінің негізін қалаушы 

19.30 – 20.30
Тайқазан - Қорытынды сессия
Спикерлер (спикерлер саны толықтырылуда):

Өзбекстан делегациясының өкілі Серікбай Үсенов - Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы

Еуропа делегациясының өкілі - Өмірхан Алтын - «European Kazakh Forum» қоғамының төрағасы

Бешір Жаналтай - “World Innovation Foundation” (the WIF) Дүниежүзі инновация қорының Қазақстандағы өкілі

Берлин Иришев - Франциядағы Қазақстандықтар қауымдастығының президенті

Форум қатысушыларының қарарын (резолюция) жариялау және қабылдау

Қорытынды сөз:

Абзал Сапарбекұлы - «Отандастар қоры» КеАҚ президенті