«ОТАНДАСТАР» ФОРУМЫ

11 қазан 2023

Rixos President Astana

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Отандастар форумына" қатысушыларды құттықтауы

Ардақты ағайын!

Сіздерді «Отандастар» форумының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – халқымыз үшін айрықша мәні бар басқосу.

Қазақта «келісіп пішкен тон келте болмас» деген сөз бар. Ата-бабамыз қашан да елдік мәселелерді алқалы жиында ақылдасып шешкен. Осы орайда, шетелдегі қазақтармен жан-жақты байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және басқа да өзекті мәселелерді өздеріңізбен бірге талқылаудың маңызы зор.

Қай мемлекетті мекен етсе де, қазақтың бір ғана тарихи Отаны бар, ол – Қазақстан. Сондықтан біз шетелде тұратын бауырларымызды қолдауға қашан да баса мән береміз. Олардың Атажұртқа қоныс аударуына барлық жағдай жасалған. Қазақстан азаматтығын және «қандас» мәртебесін алу тәртібі жеңілдетілді. Шетелдегі қазақ кәсіпкерлері үшін «Ата жолы» картасы енгізілді. Басқа да маңызды жұмыстар атқарылуда.

Қандастармен қарым-қатынасты дамыта түсуге бағытталған осындай шаралар жалғаса береді.

Бүгінгі жиынға әлемнің әр түпкірінен арнайы келген қандастарымыз бен мәртебелі меймандарға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Басқосуда алыстағы ағайынмен байланысты нығайтуға септігін тигізетін салиқалы ой, салмақты пікір айтылады деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, ынтымақ-береке тілеймін

ФОРУМ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР

БАС СЕРІКТЕС

ТИТУЛДЫ ДЕМЕУШІ

ЖОБА ДЕМЕУШІЛЕРІ

БАС АҚПАРАТТЫҚ СЕРІКТЕСТЕР

АҚПАРАТТЫҚ СЕРІКТЕСТЕР